Футбол
«Жетісудың» бас бапкері тағайындалды
Премьер-лигадан түсіп қалған Талдықорғанның «Жетісу» клубы жаңа бас бапкерді таныстырды.

Жаңа маусымда команданы 51 жастағы қазақстандық маман Эдуард Глазунов жаттықтырады.
Эдуард Глазунов бапкерлік карьерасында 2003 жылы «Қайрат» командасында бастаған. 2008 жылы «Жетісудың» тізгінін алғаш рет ұстаған. Одан кейін «Қазақмыс», «Оқжетпес», «Жеңіс» командаларын жаттықтырды. Соңғы рет 2013 жылы «Қызыл-Жарда» бас бапкер болған.
Одан кейінші жылдары менеджерлікке ауыстыү 2016-2017 жылдары «Қайсардың» атқарушы директоры, кейін «Ертістің» спорттық директоры ретінде еңбек етті.



