Параспорт

Ресей және Беларусь спортшылары Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарынан шеттетілді

Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өзгертіп, ресейлік және беларусь спортшыларына Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды. Бұл туралы ХПК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресей Паралимпиада комитеті мен Беларусь ұлттық Паралимпиада комитеті спортшыларының қатысуға өтінімдерін қабылдамау туралы шешім қабылданған.

Ресей Паралимпиада комитеті ойыншыларын жарыстан шеттету шешімін негізсіз деп санайды. Бейжіңдегі Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button