Футбол

Роман Абрамович «Челсиді» сататын болды

Ресейлік олигарх Роман Абрамович Англияның «Челси» клубын сататынын айтты.

Клуб иесі Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Ұлыбритания билігі енгізген санкциялардың кесірінен командадан бас тартуға мәжбүр.

Ол клубты сатқаннан кейін ақшаны Украинадағы соғыстан зардап шеккен халыққа беретінін мәлімдеді. Ағылшын футбол командасына тиесілі chelseafc.com порталының хабарлауынша, Абрамович клубты 5-6 млрд долларға бағалап отыр.

Бұған дейін Абрамовичке «Челсиді» сатуға қатысты үш мәрте ұсыныс түскені хабарланады. Алайда, мүдделі тараптардың клуб үшін 2 миллиард фунт стерлингтен артық төлегілері келмейтін көрінеді. Айта кетейік, Роман Абрамович «Челсиді» 2003 жылы 140 миллион фунт стерлингке сатып алған.

Содан бері ақсүйектер бес мәрте Англия чемпионы атанып, 2012 жылы Чемпиондар лигасын жеңген алғашқы лондондық клуб атанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button