Футбол
“Қайрат” аутсайдермен ұпай бөлісті
“Қайрат” Оралда “Ақжайықпен” тең ойнап, ҚПЛ-2022-де осымен екінші матч қатарынан ұпай жоғалтып отыр.

Құрбан Бердыев шәкірттері турнир аутсайдерінің қақпасын дәл көздей алған жоқ. Тіпті «Ақжайық» футболшысы Виталий Приндетаның ойыннан қуылуы да Алматы клубына көмектесе алмады.
Бұған дейін “Қайрат” өз алаңында “Таразбен” ұпай бөліскен — 1:1.
Енді төрт тур қорытындысында алматылықтар еншісінде сегіз ұпай бар.
Әзірге көш басында соңғы матчта “Ордабасыны” ұтып, 10 ұпай еншілеген “Каспий” тұр.



