Футбол

Андрей Карпович «Қызыл-Жар» клубының бас бапкерлігінен кетті

«Қызылжар» клубының бас бапкері қызметі Андрей Карпович қызметінен кетті.

Ол бұл шешімді өзі қабылдаған.

«Былтырғы маусым біз үшін тамаша әрі қызықты  өтті.Қазақстан атынан Конференция лигасында өнер көрсетуге жолдама алдық. Жігіттеріміз ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенемін және сенемін.Мүмкін, менің кетуім «Қызылжарға» сәттілік әкелетін шығар. Бұл тек менің шешімім екендігіне тағы да назар аударғым келеді. Клуб басшылығымен біз әріптес болып қаламыз. Осы кезеңде қолдау көрсеткен басшылыққа, әкімдікке, ойыншылар мен қызметкерлерге, бапкерлер мен жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін. Мен қашанда «Қызылжарға» жанкүйермін. Бәріне үлкен рахмет!», – деп жазды Андрей Карпович әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button