Футбол

Сергей Хижниченко командасыз қалды

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Сергей Хижниченко Павлодар облысының "Ақсу" командасынан кетті.

30 жастағы шабуылшы Қазақстан кәсіпқой лигасының ресми сайтында командадан шығарылған ойыншы ретінде көрсетілген.

Хижниченко  «Ақсумен» жыл соңына дейін (Transfermarkt дерегі бойынша) келісімшартқа отырған. Биылғы маусымда алты ойын өткізіп, бір-бір матчта гол соққан жоқ.

Футболшы спорттық карьерасында «Восток», «Астана»,  «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы», «Ақтөбе», Польшаның  «Корона», Беларусьтың «Шахтер» және т.б бірнеше командада өнер көрсеткен.

Ұлттық құрама сапында 2009-2020 жылдар аралығында 52 матч өткізген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button