Футбол

Роман Муртазаев 55-ші голын соқты

Қарағандының "Шахтер" командасының шабуылшысы Роман Мұртазаев премьер-лигадағы 55-ші голын соқты.

Ол өткен аптада Қостанайдың «Тобыл» қақпасын дәл көздеген. Бұл оның премьер-лигадағы 55-ші голы. Қарағанды футбол мектебінің түлегі 55 және одан көп гол соққан 52-ші ойыншы атанып отыр.

Бұған дейін шабуылшы «Ертіс» (18 матч, 32 гол) сапында, «Астана» (110 матч 25 гол), «Тобыл» (17 матч 2 гол) командаларында өнер көрсеткен. Ал «Шахтерде» 71 ойында 10 доп соққан.

Жалпы премьер-лигада 230 матч өткізіп, 55 голдың авторы атанған. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button