Футбол

«Қайрат» капитаны Яцек Гуральски МЛС-қа кетуі мүмкін

Алматының "Қайрат" клубының капитаны Яцек Гуральски жазда Американың МЛС лигасында өнер көрсететін "Сиэтл Саундерс" клубына ауысуы мүмкін.

Бұған дейін «Қайраттың» екі бірдей көшбасшысын трансферге қойғаны айтылған. Олар: Гуральски мен Хосе Канте. Енді Гуральски қарашада Катарда басталатын әлем чемпионатына бабында бару үшін чемпионат ауыстырмақшы. Оған бірнеше клуб қызығушылық танытуда. Солардың арасында «Сиэтлден» бөлек, Кипрдің «Арис» командасы да бар. Бұл клубты «Қайраттың» экс-жаттықтырушысы Алексей Шпилевский баптайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button