Бокс

Дина Жоламан әлем чемпионатын сәтті бастады

Бокстан Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дина Жоламан алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

54 келіге дейін салмақта өнер көрсететін отандасымыз бүгін испаниялық Мария Мадуэньо Кондемен қолғап түйістірді. Жекпе-жек оның айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер бірауыздан Динаның жеңісіне қолдау білдірді. Осылайша Дина Жоламан 1/8 финалға жолдама алды. Айта кетсек, ол 2016 жылы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан еді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button