Футбол

Александр Москаленко «Тобылдан» кетті

Былтырғы жылы Қостанайдың "Тобыл" клубына чемпиондықты алып берген бас бапкер Александр Москаленко қызметінен кетті.

Команда соңғы кездері жиі ұпай жоғалтып жүр. Кеше «Ақтөбеден» ұтылды. Осыдан кейін бас бапкер қызметінен кетті.

Александр Москаленко «Тобылды» былтырғы жылдың маусым айынан бері жаттықтырады. Оған дейін Григорий Бабаянның көмекшісі болған. Қазіргі кезде Қостанай клубы 11 матчта 15 ұпай, жетінші орында келе жатыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button