Бокс

Әлем чемпионаты: Кеңес Рақышев боксшыларымызды қолдау үшін Ыстамбұлға барды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында аруларымызды қолдау үшін Ыстамбұлға дәстүр бойынша Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев та бар.

Чемпионат барысында отандық боксты дамытуға байланысты шетелдік әріптестермен бірқатар маңызды кездесу өткізген ол Алуа Балқыбекованың финалдық жекпе-жегін аренадан тамашалап, жүлдеге іліккен және жарқын бокс үлгісін көрсеткен барлық боксшыларға алғыс айтты.

Айта кетейік, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жүлдегерлер IBA сыйақысынан бөлек Қазақстан бокс федерациясының да қаржылай сыйақыларымен марапатталады. Осылайша күміс жүлдегер Алуа Балқыбекова 30 мың АҚШ долларына, қола жүлдегерлер Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова 10 мың долларға ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button