Бокс

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз түйістірді

Жерлесіміз британдық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы «Resorts World» аренасында өтеді.

«QAZAQ STYLE» атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы бокстағы кезекті айқасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырық түйістіреді.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында өткізген. Онда қазақ боксшысы сегізінші раундта француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен жеңді. Дэнни Дигнум рингке соңғы рет ақпан айында шығып, алтыншы раундта отандасы Грант Деннисті нокаутқа түсірді.

Әлем көз тіккен жекпе-жекті 22 мамыр күні сағат 07:00-де «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button