Футбол

Отандық футболдың аңызы Сергей Гороховодацкий өмірден озды

Қазақстан футболының аңызы әрі бапкер Сергей Алексеевич Гороховодацкий 73 жасында өмірден озды.

Бұл ақпаратты ҚФФ растап отыр. Ресейдің Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында дүниеге келген ойыншы туған жерінің «Уралмашы», Омбының «Ертісі» және Төменнің «Нефтянник» командаларында ойнап, 1973 жылы Өскеменнің «Восток» командасына ауысады. Сол сәттен бастап оның тағдыры мен мансабы Қазақстанмен байланысты болып, танымал ойыншы әрі мықты бапкерге айналды.

Сонымен қатар алматылық «Қайрат» пен Семейдің «Спартак» командасында ойнады.

Бапкерлік қызметінде қызылжарлық «Авангард», семейлік «Спартак», елордалық «Жеңіс», қарағандылық «Шахтер», қызылордалық «Қайсар» және Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» командасын жаттықтырды. 2000 жылы елордалық командаға алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын алып берді.

Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button