Футбол

«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі

Қостанайдың "Тобыл" клубының Чемпиондар лигасының ірктеу кезеңіндегі барлық мүмкін қарсыластары анықталды. 

Ел чемпиондары іріктеу кезеңін бірінші раундтан бастайды. Бірінші және екінші раундтың жеребесі 14/15 маусымда тартылады. Алғашқы ойындар 5/6 шілде, жауапты матч 12/13 шілдеге жоспарланған.

«Тобылға» осы командалардың біреуі түсуі мүмкін:

«Карабах» (Әзірбайжан)
«Мальме» (Швеция)
«Лудогорец» (Болгария)
«Шериф» (Молдова)
«ЧФР» Клуж (Румыния)
«Буде-Глимт» (Норвегия)
«Ференцварош» (Венгрия)
«Марибор» (Словения)
«Слован» Братислава (Словакия)
«ХИК» (Финляндия)
«Линкольн Ред Импс» (Гибралтар)
«Дюделанж» (Люксембург)
«Жальгирис» (Литва)
«Нью-Сейнтс» (Уэльс)
«Шемрок Роверс» (Ирландия).

Басқа жаңалықтар

Back to top button