Аралас жекпе-жек

Қайрат Ахметовтің жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Сингапурдың танымал One Championship промоушні қазақстандық Қайрат Ахметовтің алдағы жекпе-жегі туралы жариялады.

Промоушн әлеуметтік желідегі өз парақшасында 3 маусым, жұма күні болатын One 158 турнирі туралы жариялады. Отандасымыз Ахметов кеште жапон Вада Тацумицумен өзара кім мықтыны анықтайды.

Қазақстандық спортшы жеңіл салмақта 2015 жылдың қараша айында чемпиондық атаққа қол жеткізді. Дегенмен 2017 жылдың тамызында ол бразилиялық Адриано Мораестен жеңіліп, белбеуінен айырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button