Футбол

Георгий Жуков Қытайда ойнайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Георгий Жуков Қытай чемпионатына ауысады.

Инсайдерлердің жазуынша, жартылай қорғаушының Польшаның «Висла» клубымен келісімшарты аяқталған. Сондықтан клуб ауыстырады. Биыл «Висла» маусым қорытындысы бойынша жоғары лигадан түсіп қалған.

Енді ол Қытайдың «Ухань» клубының жейдесін кимек. 27 жастағы ойыншы «Вислаға» 2020 жылы ауысқан.  Оған дейін «Қайрат», «Урал», «Рода», «Астана», «Беерсхот» командаларында ойнаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button