Футбол

Ұлттық құрама футболшылары жанкүйерлерімен кездесті

УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымы қарсаңында елордадағы  ойын-сауық сауда орталықтарының бірінде Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларының қатысуымен автограф-сессия ұйымдастырылды.

Елдос Ахметов, Игорь Шацкий және Нұралы Әліп жанкүйерлер жүздесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар қолтаңба қалдырып, естелік суреттерге түсті.

Іс-шарада әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Қазақстан мен Әзербайжан матчының билеттері сыйға тартылды.

Өз кезегінде жанкүйерлер УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымына сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button