Футбол

Ұлттық құрама мен жастар жолдастық кездесу өткізді

Әзірбайжан құрамасымен кездесу алдында Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізді.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтті.

Қазақстанның ұлттық және жастар құрамалары оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық матч ойнады.

Кездесу 4:1 есебімен ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.

Алғашқы таймда қорғаушы Александр Марочкин қос гол соқты. Ойынның екінші бөлігі басталған сәтте Максим Самородов көзге түсті. 51-минутта жастардың қорғаушысы Сағи Совет есеп айырмасын қысқартты. Матч соңына қарай Алексей Щеткин пенальтиден гол соқты.

Жолдастық матч

Қазақстан құрамасы – Қазақстан құрамасы U-21 – 4:1 (2:0)

Голдар: Марочкин 29, 45, Самородов 47, Щеткин (пенальти) 81 –  Совет 51

29.05.2022. «Астана Арена», Нұр-Сұлтан. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button