Футбол

Жастар құрамасымен өткен жолдастық кездесуде біраз мәселе қанықтық – Магомед Адиев

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жастар құрамасымен өткен жолдастық кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Ойынға үш тапсырма қойылды: кейбір ойын үлгілері мен ойыншылардың құрамын байқау, алдағы ойындарда қолданылатын жаңа ойын жүйесін көру және үш күнге созылған екі реттік жаттығудан соң футболшылардың физикалық жағдайын саралау болды. Барлығын көріп, талдап шықтық деп ойлаймын. Енді Ұлттар лигасының ойындарына дайындаламыз. Жастар құрамасымен өткен жолдастық кездесуден жаттықтырушылар штабы мол мағлұмат алды деп санаймын», – деді Адиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button