Футбол

«Финалиссима»: Аргентина Италияға мүмкіндік қалдырған жоқ

Футболдан Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары "Финалиссима" ойынын өткізді.

Аталған бәсеке осылайша 29 жылдан кейін қайта жаңғырды. Мұндай матч 1985, 1993 жылдары болған. Осы жолы Аргентина мен Италия кездесті. Екеуі де былтыр өз құрлықтарында топ жарған.

Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионындағы ойында Аргентина құрамасы бір бас жоғары ойнады. Олар бірінші таймда екі гол соғып, мәселені шешіп қойған. Екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді.

Италия – Аргентина – 0:3
Голдар: Мартинес, 28 (0:1). Ди Мария, 45+1 (0:2). Дибала, 90+4 (0:3).

Басқа жаңалықтар

Back to top button