Футбол

Футбол: Украина әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландияны жеңді

Биылғы жылы күзде Катар елінде өтетін әлем чемпионатының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр.

Кеше түнде Украина Шотландиядан басым түсті. Соғыс болып жатқан елдің футболы ақпан айының ортасынан бері тоқтап қалған. Сондықтан наурыздағы іріктеу маусымға ауыстырылған. Олар бұл матчқа дайындықты Словенияда жүргізді. Ойын 3:1 есебімен Украинаның пайдасына шешілді. Енді олар 5 маусымда Уэльс құрамасымен кездеседі. Егер ол матчта бақтары жанып жатса, әлем чемпионатына жолдама алады. Украина соңғы рет 2006 жылы Германиядағы мундиальға қатысқан. Уэльс 1958 жылдан бері дүниежүзілік доп додасына жолдары түспеген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button