Футбол

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының матчына тағайындалды

Отандық мамандар Латвия мен Израиль арасындағы ойында төрелік етеді.

Қазақстандық төрешілер 2023 жылы жастар арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчына тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақ спорты» ҚФФ сайтына сілтеме жасай отырып.

Отандық мамандар Латвия мен Израиль арасындағы ойында төрелік етеді.

Кездесудің басты төрешісі – оралдық Болат Сариев. Оған алматылық Сергей Васютин мен атыраулық Денис Лабашов көмектеседі.

Қызылордалық Данияр Сахи резервтегі төреші болады.

Матч Рига қаласындағы «Сконто» стадионында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button