БастыБокс

Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді.

Жүсіпов Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласында кездесу өткізіп, мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы айқас төрт раундқа жоспарланған еді. Бірақ бірінші раундта Жүсіпов қарсыласын нокаутпен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. Ол әуесқойлар арасында үш дүркін (2017,2019, 2021) әлемнің қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button