Аралас жекпе-жек

UFC: Жалғас Жұмағұлов төртінші рет жеңілді

Ол Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night 207 турнирінде бақ сынады.

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC-дегі алғашқы айқасын өткізді: ол Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night 207 турнирінде бақ сынады.

Оның қарсыласы – американдық Джефф Молина (10-2). Аса жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланып, нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті Молинаға берді.

Осылайша Джефф Молина аралас өзінің жекпе-жек тарихында 11-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Жалғас Жұмағұлов жетінші рет жеңіліс тапса, UFC-дегі төртінші сәтсіздігі  (бұл промоушнде ол бір рет қана жеңіске жетті).

Басқа жаңалықтар

Back to top button