Ұлттық спорт

Елордада жаңа ат маусымы ашылды

Дәстүрлі іс-шара елордадағы "Қазанат" атшабарында бәйгенің төрт түрінен және жамбы ату мен теңге ілу жарысының ашылуымен өтті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден аса спортшы мен 60-қа жуық жылқы қатысты.
Дүбірлі дода алдымен Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ат жарысы маусымының ашылуымен құттықтады.
Үздік шабандоздар мен ең жүйрік аттардың иелері Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ медальдарымен марапатталды.
Төрт қашықтықта өткен бәйгенің жүлде қоры 5 млн теңгені құрады.
Айта кетейік, жамбы ату мен теңге ілуден ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты 19 маусымға дейін жалғасады.
Яғни, жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусым күндері, жастар чемпионаты маусымның 9-13, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымға дейін «Қазанат» атшабарында өтеді.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button