Футбол

Ұлар Жақсыбаевтың голы мамыр айында үздік атанды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы мамыр айының үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Жанкүйерлердің таңдауына Қазақстан чемпионатының 4 турының ойындарында соғылған 7 гол ұсынылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақсу» футболшысы Ұлар Жақсыбаевтың голы бірінші орынға ие болды. Аталмыш голды Жақсыбаев чемпионаттың 11-турының аясында «Тұран» қақпасына соқты. Бұл нәтижелі соққыны 498 (38, 07 %) адам үздік деп таныды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button