Бокс

Отандық боксшы жол апатынан қаза тапты

Жол апатынан былғары қолғап шебері Алмазбек Орынғали өмірден өтті.

Танымал спортшының артында жары, үш ұлы, бір қызы қалды. Алмазбек Қадырбекұлы 1986 жылы туған. Жаттықтырушы Нұрсұлтан Қонарбаевтың қол астында жастайынан бокспен шұғылданып, ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері (21-28 қараша 2013 жыл, Атырау қаласы), Қазақстан Республикасы IV жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері ( 21-26 мамыр 2014 жыл, Талдықорған қаласы) атанып, бірнеше халықаралық жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Кеше 9 маусымда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Дариян ауылында жерлеу рәсімі өтіп, жер қойнына тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button