Футбол

Абат Айымбетов: Бензема мен Роналдумен салыстырған жақсы ғой, бірақ мен аралдықпын

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словакиямен матч қарсаңында ойымен бөлісті.

– Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етіп жатыр?

– Қиынға соғып жатқаны анық. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ендігі болатын ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз.

– Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдумен салыстырып жатыр.

– Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button