Ауыр атлетика

Ауыр атлетика: әлем чемпионатын қола медальмен бастадық

Бірінші күні жарыс жолына 40 келіге дейінгі салмақтағы қыздар шықты.

Александра Беленко ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Бірінші күні жарыс жолына 40 келіге дейінгі салмақтағы қыздар шықты.

Жұлқа көтеруде Қазақстан (ШҚО) өкілі Александра Беленко үш тәсілді орындап, 55 келі нәтижемен үшінші орынға тұрақтады.

Екінші жаттығуда біздің спортшымыз тамаша өнер көрсетті, бірақ үшінші мүмкіндігін жүзеге асыра алмай, жаттығу қорытындысы бойынша екінші, ал 125 (55+70) келімен жалпы есепте үшінші болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button