Футбол

Самуэль Словак: Қазақстан өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды

Словакия құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Самуэль Словак Ұлттар лигасының Қазақстанмен өткен екінші матчты қорытындылады.

– Бізді не күтіп тұрғанын жақсы білдік. Осы жолы ұпай аламыз деп ойладық. Кездесуді жақсы бастады. Сосын болмашы гол жіберіп алдық. Осыдан кейін ойынымыз жүрмеді. Үзіліске дейін тағы бір гол кірді. Ал екінші таймда көп нәрсе өзгере бастады. Алайда матч қарсыластың пайдасына шешілді. Қазақстан екі мәрте үш ұпайдан айырып, тиімді ойнады. Қателік негізгі құрамды таңдаудан басталды. Қарсылас ойын басынан мінез танытып, жеңіске жету үшін барын салды.

Айта кетейік, бұл кездесуде Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетіп, топта көш бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button