Футбол

Премьер-лиганың мамыр айындағы үздік бапкері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мамыр айының үздік бапкерін анықтау мақсатында премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.

Бапкерлердің таңдауы бойынша «Атырау» клубының бас бапкері Константин Горовенко өткен айдың үздігі болды.  «Мұнайлы» өлкенің командасы мамыр айында өткен төрт ойында 8 ұпай жинады. Горовенко шәкірттері  екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуді тең аяқтады. Осы нәтиженің арқасында «Атырау» турнир кестесінің көшбасшыларының қатарында келе жатыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button