Футбол

Бабаян Қазақстанға орала ма? ЦСКА-дан ресми түрде кетті

Мәскеудің ЦСКА клубының бапкерлік штабында жұмыс істеп жүрген қазақстандық маман Григорий Бабаян ресми түрде қызметінен кетті.

ЦСКА қазақстандық маманмен келісімшартты ұзартпайтынын хабарлады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін бас бапкер болып келген Алексей Березуцкий қызметінен кетті. Енді команданы Владимир Федотов жаттықтыратын болады.

Григорий Бабаян – 1980 жылы Алматыда дүниеге келген.  2008-2014 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында жұмыс істеген. Одан кейін «Астана» мен «Тобыл» клубын жаттықтырды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button