Футбол

«Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» ірі есеппен ұтты

"Ақтөбе" Қазақстан премьер-лигасының 15-турында өз алаңында еліміздің алты дүркін чемпионы "Астананы" жеңді.

Матч 4:1 есебімен аяқталды. Қонақтар сапынан клуб көшбасшылары Марин Томасов пен Педро Эуженио ойнаған жоқ.

Ақтөбенің Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында ине шаншар орын болған жоқ. Жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауы Карпович шәкірттеріне қосымша серпіліс берген тәрізді. Осы жеңістің арқасында алаң иелері үшінші орынға көтерілді. Айтпақшы, көшбасындағы «Астана» мен екінші орындағы «Тобылдан» олардың бір ойыны кем.

«Ақтөбе» – «Астана» – 4:1

Голдар: Уго Видемон, 18. Рожерио Шина, 33. Әлібек Қасым, 72 (пенальти). Максим Самородов, 90+5. Аслан Дарабаев, 42.

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (Қ) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов – Юрий Логвиненко (К) (Никита Маляров, 88), Артурас Жулпа (Йоахим Адукор, 64), Рамазан Оразов (Виталий Балашов, 64) – Уго Видемон, Рожерио Шина (Жерар Гоу, 88), Сердер Сердеров (Максим Самородов, 74);

«Астана»: Марко Милошевич (Қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Артем Рахманов, Камо Оганесян – Абзал Бейсебеков (К), Аслан Дарабаев, Макс Эбонг – Жереми Манзорро, Станислав Басманов (Сұлтан Сағынаев, 72), Рай Влут;

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Орунбаев Илашбек (Түркістан облысы), Калачев Сергей (Атырау)

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button