Футбол

Әлішер Сүлейге «Каспийге» ауысты

"Тараз" командасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей Ақтаудың "Каспий" клубына ауысты.

Ойыншы ресми түрде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының сайтында тіркеуде тұр. Ол «Каспий» сапында 95-нөмірімен ойнайды.

Айта кетейік, Әлішер биыл Жамбыл командасында 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сонымен қатар екі нәтижелі пасы бар.

Сүлей «Тараз» клубының түлегі. Қазақстан чемпионатында «Тараздан» бөлек, «Тобыл», «Ертіс», «Атырау», «Ордабасы» командаларында ойнаған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button