Футбол

«Шахтер» өз алаңында ұятқа қалды

Қазақстан премьер-лигасының 16-турында Қарағандының "Шахтер" клубы өз алаңында "Ақтөбені" қабылдады.

Осы ойынның қарсаңында «Шахтердің» бас бапкері ауысқан. «Кеншілер» осымен үшінші рет отандық маман Вахид Масудов жаттықтырады. Ол бұған дейін екі рет бапкер болған.

Бірінші таймда алаң иелері 2 гол соққан. Алдымен, Тимур Досмағамбетов пенальтиден мүлт кетпесе, үзіліске дейін Роман Мұртазаев қарымта шабуылды сәтті түйіндеді.

Ал екінші кезеңде бәрі өзгеріп кетті. Әлібек Қасым пенальтиден есеп айырмасын қысқартса, Жерар Гоу мен Уго Видемонның соққан голдары «Ақтөбені» жеңілістен құтқарып ғана қойған жоқ. Сонымен қатар үш ұпай еншілеуге мүмкіндік берді.

Осы жеңістің арқасында «Ақтөбе» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button