Футбол

«Тобыл» араға 10 жыл салып, Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды

УЕФА Чемпионадар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Қостанайдың "Тобылы" 6 шілде күні алғашқы ойынын өткізеді.

Қарсыласы – Венгрияның «Ференцварош» командасы.Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын барысында хорватиялық Дарио Бел бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Марьян Томас пен Круно Шарич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де хорватиялық Тихомир Пеин. Жұп бойынша жеңімпаз атанған команда екінші іріктеу сатысында «Слован» (Словакия) мен «Динамо» Батуми (Грузия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жеңілгені Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) мен «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңілген командамен ойнайды.

«Тобыл» соңғы рет 2012 жылы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысқан. Араға 10 жыл салып, тағы бір мәрте бағын сынап көрмек.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button