Ауыр атлетика

Азия чемпионатынан қола медаль

Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Омаров Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медальді жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Е.Омаров жұлқа көтеруде 104 келіні көтеріп, барлық үш мүмкіндігін жүзеге асырды. Алайда серпе көтеруде спортшымыз 124 келі салмақты тек үшінші әрекеттен кейін ғана бойынан асырды. Қоссайыс қорытындысында бойынша 228 (104+124) келі болды.
45 келіге дейінгі санаттағы қыз­дар арасында Александра Беленко өнер көрсетті. Қоссайыс бойынша біздің спортшы 132 (58+74) келі көтеріп, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бесінші және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтыншы орында қалып қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button