Бокс

Абылайхан Жүсіпов кәсіби боксқа неліктен ауысқанын айтты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында кәсіби боксқа ауысу себебін түсіндірді.

– Олимпиададан соң кәсіби боксқа ауысу туралы шешім қабылдадың. Неге бұлай болды, тым жас емессің бе?

– Негізі бұл шешімді Олимпиадаға дейін қабылдағанмын. Бокста әрі қарай да жылжуға мүмкіндік бар, сонысымен де ерекшеленеді. Айталық, күресте ондай жоқ. Ал бокста жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік бар. Міне, мені қызықтырғаны осы. Біздің талай танымал боксшымыз кәсібиге ауысты. Олардың қатарында Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Батыр Жүкембаев. Осы мені шабыттандырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button