Футбол

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада екінші рет жеңіске жетті

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың топтық кезеңінің екінші ойынында Грузия командасын жеңді.

Осы күндері Молдова астанасы Кишиневте жағажай футболынан Еуролига турнирі өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Грузиямен өткізіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан – Грузия – 7:1

Голдар: Тюльпа, Муралинов – 2, Перевертов – 2, Әжікенов, Мұратұлы – Диаквнишвили;

28.07.2022. Еуролига, «Б» дивизионы.

Негізгі стадион. Кишинев, Молдова.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Норвегияны 7:3 есебімен ұтқан болатын. Спортшыларымыз келесі ойынын 29 шілде күні Грекиямен өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button