Футбол

Ұлттық құраманың шешуші матчтарына қатысатын ойыншылар белгілі

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзербайжанмен (25 қыркүйек) өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 33 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (бәрі де – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы бапкер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button