Футбол

Көшбасындағы «Ақтөбе» ұпай жоғалтты

Қазақстан премьер-лигасының 19-турында көшбасшы "Ақтөбе" Түркістан облысында ұпай жоғалтты.

Андрей Карпович шәкірттері аутсайдер «Мақтааралмен» кездескен.

Ойынның 24-минутында Руслан Камболов алаң ортасынан гол соқты. 50-минутта «Мақтаарал» қақпасына белгіленген пенальтиді Әлібек Қасым жүзеге асыра алмады. Ал сегіз минуттан кейін Билал Себаихи он бір метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

«Мақтаарал» – «Ақтөбе» – 1:1

«Мақтаарал»: Рамиль Нұрмұхаметов (қ) – Артём Розгонюк, Руслан Юденков (к), Егор Потапов, Диёржон Арипов – Алексей Носко, Секу Думбия, Ғалымжан Кенжебек, Жан-Али Пайруз, Биллал Себаихи – Рамазан Кәрімов;

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) (к) – Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов – Йоахим Адукор, Руслан Камболов (Юрий Логвиненко, 65), Эрнест (Максим Самородов, 64), Бауыржан Байтана (Рамазан Оразов, 72), Рожерио Шина – Сердер Сердеров (Жерар Гоу, 65);

Басқа жаңалықтар

Back to top button