Футбол

Григорий Бабаян «Астананың» бас бапкері болды

"Астана" футбол клубы бұрынғы команда қайта жиналып жатыр. Әңгіме ойыншылар емес, басшылық пен бас бапкерге қатысты.

Кеше Саян Хамитжанов директордың кеңесшісі болып тағайындалса, бүгін бас бапкер ретінде Григорий Бабаян таныстырылды. Хамитжановтың сүйікті кадрларының бірі.

Қазақстандық маман бұған дейін 2012-2019 жылдары елордалық клубта команда бас жаттықтырушысының көмекшісі және бас бапкері қызметтерін атқарған.

Григорий Бабаян «Астанамен» Қазақстанның бес дүркін чемпионы, еліміздің Суперкубогы мен Кубогының иегері болды, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті, сондай-ақ еурокубоктың 1/16 финалына шықты.

2021/22 жылғы маусымда ол Мәскеудің ЦСКА клубының жаттықтырушылар штабында болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button