Аралас жекпе-жек

Дамир Ысмағұлов МакГрегорді жекпе-жекке шақырды

UFC-дегі қазақ спортшысы Дамир Ысмағұлов ирландиялық Конор МакГрегормен кездесуге ниетті.

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Жақын жердемін, қашан және қай жерде екенін айтсаң болды», – деп жазды Дамир Instagram-да.

Жеңіл салмақта UFC-дің жаңартылған рейтингінде (70,3 килограмм) МакГрегор – 11, ал Ысмағұлов 12-орында тұр.

Дамир UFC-дегі соңғы айқасын маусымда өткізіп, төрешілер шешімімен Швециядан шыққан грузин Гурам Кутателадзені жеңген.

МакГрегор UFC-де 2021 жылдың шілдесінде американдық Дастин Порьемен айқасты. Ол кезде Конор аяғын сындырып алып, төреші техникалық нокаут жариялаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button