Бокс

Әли Ахмедов жаңа титул ұтып алды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1-14 КО) .америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15 КО) айқын басымдықпен жеңді.

Кәсіпқой бокста бұған дейінгі 26 кездесуінің 15-інде жеңілген америкалық Габриэль Росадо Әли Ахмедовке қарсы айтарлықтай сәтті өнер көрсетті деуге болады. 10 раундқа созылған айқаста қазақстандық боксшы барлық раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

Ал Ахмедов 19 жеңісіне қол жеткізіп, суперорта салмақта WBC Silver мен IBF North American титулының иегері атанды.
2013 жылы Росадо Головкинмен жұдырықтасқан. Сол кезде америкалық боксшы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button