Футбол

Футзал: Бүгін-ертең Қазақстан Әзірбайжанмен екі ойын өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін және ертең Әзірбайжанмен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді

Ойындар 19-20 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Екі кездесу де Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтпек. Бұл футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге дайындық есебінде ұйымдастырылып отыр.

Аталған кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық футзалшылар аталған турнирдің негізгі сатысындағы іріктеу кезеңінде бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары – Словения және Черногория. Іріктеу кезеңі 2022 жылдың 8 қазанында басталып, 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.

Жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Игита, Нарун Сериков (екеуі де – «Қайраттан»), Акжол Қайратұлы («Каспий»).

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – «Қайраттан»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жахангир Рашит (барлығы – «Каспийден»), Азат Валиуллин, Абдирасул Әбдуманапұлы (екеуі – «Аяттан»), Евгений Кошкин («Астана»).

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button