Футбол

Роналду Еуро-2024-те өнер көрсеткісі келеді

Футболшының жасы ол кезде 39-да болады.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2022 жылы Катардағы әлем чемпионаты мен Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысуға ниетті, деп жазады qazaqsporty.kz.

Футболшының жасы ол кезде 39-да болады.

«Мен әлі бірнеше жыл Португалия құрамасының бөлігі болғым келеді. Ұмтылыс пен амбициям зор. Жолым әлі аяқталған жоқ. Бізде талантты жастар көп. Мен әлем чемпионатына қатысамын және келесі Еуропа чемпионатына да барғым келеді», – деді Роналду Sapo басылымына берген сұхбатында.

Роналду 2004, 2008, 2012, 2016 және 2020 жылдардағы Еуропа біріншіліктері мен 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысқан.

Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсанда өтеді. Португалия құрамасы Н тобында Уругвай, Гана және Корея құрамаларымен бірге өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button