Ұлттық спорт

Ұлы Дала жорығы: Маңғыстау құрамасы бірінші орынды бермей келе жатыр

Қазақстанда алғаш рет республикалық «Ұлы Дала жорығы» ат спорты марафоны өтіп жатыр.

Қазақстанның барлық өңірінен жүз шабандоз қатысып жатқан марафон 17 қыркүйекте Астанадағы «Қазанат» ипподромында салтанатты түрде ашылды. Марафоншылар қыркүйектің 18-29 аралығында елордадан Түркістан қаласына дейін 1200-ден астам шақырымды жүріп өтеді.

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша шабандоздар 300 шақырымдық межені еңсерді. Көшбасшылар үштігінде Маңғыстау облысының, Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының командалары бар.

Ұйымдастырушылар барлығын ұсақ-түйекке дейін қарастырған: марафонға қатысушылар Ұлы даланың рухын сезініп, түркілердің киелі жерлері – Жошы хан, Алаш хан кесенелеріне зиярат ету мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы, түркі руханиятының бесігі саналатын Созақ қаласына, Түркістан қаласына, Әзірет-Сұлтан кесенесіне соғады.

Марафон-бәйгенің барлық кезеңін еңсерген команда Түркістан қаласына рекордтық қысқа мерзім ішінде жетіп, «Ұлы Дала сарбазы» атағын иеленеді де 30 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені, ал екінші, үшінші орындарды иеленген командалар 20 млн теңге және 15 млн теңге көлеміндегі сыйақыны алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button