Футбол

Еуро-2024. Қазақстан төртінші себетте

УЕФА Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша Еуро-2024 турнирінің жеребе тартуына арналған топтары анықталды.

Қазақстан құрамасы төртінші себетке түсті. Магомед Адиевтің командасы іріктеу кезеңінде Грузия, Грекия, Түркия, Люксембург, Әзірбайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары және Солтүстік Македония құрамаларымен ойнамайды.

1-себет: Дания, Португалия, Бельгия, Венгрия, Швейцария, Польша

2-себет: Франция, Австрия, Чехия, Англия, Уэльс, Израиль, Босния және Герцеговина, Сербия, Шотландия, Финляндия

3-себет: Украина, Исландия, Норвегия, Словения, Ирландия, Албания, Черногория, Румыния, Швеция, Армения

4-себет: Грузия, Греция, Түркия, Қазақстан, Люксембург, Әзірбайжан, Косово, Болгария, Фарер аралдары, Солтүстік Македония

5-себет: Словакия, Солтүстік Ирландия, Кипр, Беларусь, Литва, Гибралтар, Эстония, Латвия, Молдова, Мальта

6-себет: Андорра, Сан-Марино, Лихтенштейн

53 команда жеребе қорытындысы юойынша 10 топқа (бес командадан 7 топ және алты командадан 3 топ) бөлінеді.

Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 9 қазанда Франкфурт қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button