Бокс

«Астана арландарын» жаттықтырған танымал бапкер қайтыс болды

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) "Астана арландары" клубын жаттықтырған укариналық маман Сергей Корчинский дүниеден өтті.

Қайғылы хабарды марқұмның жақындары жеткізді. Корчинский 59 жасында дүниеден өтті.
Ол Бүкіләлемдік бокс сериясының кубогын екі рет иеленген. Алдымен Италияның «Milano Thunder»  сосын «Астана арландарымен» топ жарған.

Сонымен қатар Сергей Деревянченко, Сергей Ковганко және Олег Машкин секілді Олимпиада ойындарына қатысқан боксшыларды тәрбиеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button