Футбол

Саян Хамитжановтың билігі күшейе бастады

Белгілі футбол функционері Саян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетіне кірді.

Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол клубтарының өкілдері арасындағы жалпы жиында жаңа қатысушыларды тағайындау мақсатында дауыс беру рәсімі өтті. Үміткерлер тізімінде Рохус Шох, Николай Панин және Саян Хамитжанов болды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша бірыңғай шешіммен ҚФФ атқарушы комитетіне «Астана» бас директорының кеңесшісі Саян Хамитжанов тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button